Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандас мәртебесін беру немесе ұзарту ережелеріне өзгерістер енгізбек. Түзетулерге сәйкес, енді «қандас» мәртебесін беру туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильді қосымшасы, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы ғана емес, сонымен қатар құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік корпорация арқылы беруге болады.