Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Сұмдық қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған. Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 және 4 жастағы балалар зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Ауыл тұрғындары анасы балаларын тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім.