Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды. 17 қаңтарда «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді.