Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор, биология ғылымының докторы Меруерт Құрманбаева 2023 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды. Ғалым байқауға «Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында биоалуантүрлілік пен топырақтың құнарын сақтауда көпжылдық бидайды егіншілікке енгізу» ғылыми жобасын ұсынған.