Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің тізімінде 49-орынға шықты. Өткен жылмен салыстырғанда, республикада бақыт деңгейі төмендеді.World Happiness Report сарапшылары әлемнің әртүрлі елдеріндегі бақыт деңгейі туралы жылдық есебін жариялады. Сондай-ақ Қазақстан ТМД-ның ең бақытты елдері арасында екінші және жалпы рейтингте 49-шы орынға ие болып, рейтингтік тізімдерге енді.