Германияның беделді ғылыми-сараптамалық орталығы – «Ғылым және саясат қоры» «Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды факторлар» атты көлемді мақалалар жинағын жарыққа шығарды. Жинақта Қазақстан алғаш рет орта державалар қатарына енді. Қазақстан бұрын-соңды бұл санатқа енбеген еді.