Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор. Ел тарихына қатысты барлық құнды жазбалардың тыңғылықты зерттелуі – мемлекетіміздің тарихы мен болашақтағы таным-ұстанымының қалыптасуына көмектеседі. Бүгінгі күні ғылымда тілдік зерттеулерді қажет ететін, көне дәуір мен қазіргі түркі тілдерінің туыстығын айқындауда, сабақтастығын ашып көрсетуде орта ғасырлық армян-қыпшақ мұралары ерекше орынды еншілейді. Дәл осындай дереккөз мәліметі бүгінде Украинадан табылып отыр.