Қазқстан мен Өзбекстан азаматтарына екі елдің аумағына кедергісіз баруына жағдай жасайтын жаңа норма сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға тікелей әсер етеді. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өзара сапарлары туралы заңды қарау кезінде Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді.