Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанның неліктен +997 кодына ауыспағанын түсіндірді. ЦДИАӨМ Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасында дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қою туралы Үкімет қаулысын дайындаған. Қазір екі елдің байланыс ведомстволары арасында келісім жасалған. Қазір жобаны мақұлдау жөніндегі Ресей Федерациясының нотасы күтіліп отыр. 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.