NU жанындағы «National Laboratory Astana» Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Бауыржан Үмбаев қатерлі ісікті емдейтін препарат әзірлеу жолындағы ғылыми зерттеулері туралы айтып, қазақстандық ғылымның кемшіліктері туралы сөз қозғады.