«Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» ғылыми журналы Digital Commons Elsevier платформасында шығарыла бастады. Elsevier әлемдегі ең ірі ғылыми баспалардың бірі және дүниежүзіндегі ғылыми журналдардың барлық мақаласының төрттен бірін шығарады. «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде шығарылады. Ғылыми басылымның мақалалары Scopus халықаралық ғылыми деректер базасына енгізілген.

Қазақстандық ғылыми журнал әлемдегі ең ірі Elsevier платформасында шығарылады
Новости








































