ҚР Ұлттық ұлан офицері баланы ажал аузынан құтқарып қалды. ҚР ІІМ Ұлттық ұлан офицерінің қырағылығы мен ептілігі Ресейде болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. 8 маусымда сағат 19:30 шамасында подполковник Жандос Нұрахметов баласымен Кострома қаласының Галичская көшесінде серуендеп жүргенде, №51 үйдің 2-қабатынан 4-5 жастағы баланы байқайды. Ол терезеден ойыншық, киім, сөмкелерді лақтырып жіберді.