Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабарлады. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, биылғы су тасқыны салдарынан облыста жалпы көлемі 4 мың гектарға жуық күздік егіс алқаптарын, сондай-ақ Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінде 1 гектар жылыжай кешенін су басты.