«Қазмұнайгаз» ҰҚ» АҚ «Westoil Software» мекемесіндегі заңсыз ереуілге қатысушылармен арада жүргізілген келіссөздердің нәтижесі туралы айтты. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсейіт Союнов «West Oil Software» ЖШС-ның заңсыз ереуіліне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Өз үндеуінде ол келіссөздер барысында жұмысшылардың ҚМГ құрамына қабылдауды, оларды ұлттық компанияда қабылданған бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне өткізуді және кәсіпорынның жабдықтарын жаңартуды талап еткенін атап өтті.