Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Украина астанасының Шевченкоск ауданында журналист пен оның әйелі отырған көлікке тапанша ұстаған белгісіз біреу жүгіріп келіп, оқ атып, із-түзсіз жоғалып кеткен. «Украинская правда» газетінің хабарлауынша, журналист жараланып, ауыр халде ауруханада жатыр.