Бұл жаңалықты жарықтық киіктер де естіп үлгерген бе дерсіз. Ақпанның 10-ы күні киіктерді ату тоқтатылды деген ақпарат шықты. Ал Астрахан ауданына қарасты Қалқұтан елдімекенінің тұрғындары ауыл маңына ақбөкендер келе бастағанын айтады. Бұл 11 ақпан күніне сәйкес келеді. Біз де көрдік. Аяз бен бораннан ыққан жануарлар тал-теректі паналап, қаннен-қаперсіз жайылып жүр.