Экология және табиғи ресурстар министрлігінің киік санын реттеумен байланысты бұйрық жобасы жарияланды. Құжат арқылы санын реттеуге жататын жануарлардың түрлерін алып қоюға рұқсат беру қағидаларына өзгеріс енгізу көзделген. Бұйрық жобасы саны реттелетін жануар түрін алып қоюға мемлекеттен рұқсат алу үшін жазылатын өтінім үлгісіне және сол өтінім негізінде рұқсат беру құжатының үлгісіне өзгеріс енгізуге арналған.