Киноға бергісіз. Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот күннен-күнге шиеленісіп барады. Бүгін айыпталушы орынтағында отырған экс-шенеунік әйелі жуан жұдырықтан емес, унитазға құлап басын жарған деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алған Салтанат дәретханаға кіремін деп бір емес, бірнеше рет шалынып еденге құлаған.