Көктемгі су тасқынынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты. Аталған фактінің барлығы қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты. Мәселен, біреуі өз бетінше өзенді жүзіп өтпек болған. Ал енді бірі су тасқынынын кейін, яғни эвакуациядан соң қауіпті аймаққа оралуға тырысқан. Барлық факті бойынша тексеру басталып, тергеу жүргізіліп отыр.