Полицейлер көлікті сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетаудың 27 жастағы тұрғынын ұстады. Осы жылдың басынан бастап Көкшетау полициясына автокөліктерді сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардан бірнеше өтініш келіп түсті. Ұстау кезінде жедел қызметкерлер заттай дәлел ретінде ұялы телефондар мен 60 SIM картаны тауып алып, тәркіледі.