Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін атқарып жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты істі бақылауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.