Өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қостанай облысының 3 ауданының аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, олар – Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы. Өңір әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырма берді.