Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз су тасқыны жағдайлары орын алған өңірлерде ауыз сумен жабдықтау сапасына тұрақты мониторинг жүргізуде. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің нысандарына күшейтілген бақылау жүргізуде.