Атырау облысындағы Құлсары қаласында сауда орындары ашылып, автобус жүре бастады.Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуына қарағанда, суда орындары қалыпты жұмысына кірісті. Оның ішінде 100 азық-түлік дүкені, 2 ірі супермаркет, 3 ірі көтерме сауда базары бар. Сондай-ақ, 20-ға жуық дәріхана қайтадан ашылды.