Соңғы уақытта телефон алаяқтары елдің ақшасын алдап алу үшін курьерлерді пайдаланатын жағдайлар жиілеп кетті. Телефон алаяқтары әртүрлі сайттарға курьерлік жұмыс ұсынып, белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару туралы жарнамаларды жариялап отырған. Астанада телефон алаяғы жәбірленушіге хабарласқан. Оған қызының адам өліміне алып келген жол апатын жасағанын және істі оң шешу үшін өзіне ақша аудару қажет екенін айтқан.