27 сәуір күні Ақтау қаласының тұрғыны әйелін лифтте соққыға жыққан. Оның заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған. Оқиға Ақтау қаласындағы 4 ықшам ауданындағы №7-ші үйде болған. Бейнежазбадан ер адамның әйелді жұдырықтап, аяқпен тепкілегенін көруге болады.