Лондондағы Қазақ орталығы және еріктілер тобы қазақша сөйлеу клубын ашты. Мақсаты — ұлы Абай тілін меңгергісі келетін шетелдіктер мен қандастарымыздың басын біріктіріп, тілдік орта қалыптастыру. Клубтың тұсаукесер рәсіміне Kazinform-ның Тұманды Альбиондағы тілшіміз Ғалымжан Қараманұлы қатысып қайтты.