Құмар ойынға қарсы кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Құжатқа барлық министрлік ұсыныстарын тапсыруы қажет. Кейін ұсыныстар іріктеліп, біріктіріліп, жүйеленіп, Үкімет деңгейіндегі құжат жасақталады. Бұл туралы кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.