«Қазгидромет» РМК мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Суық толқындарда ауа температурасы төмендейді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде -5 градусқа дейін, күндіз +15°C дейін, батыста және ҚР оңтүстік бөлігінде - түнде +5 градусқа дейін, күндіз +26°C дейін болжанып отыр.