Мәжілістегі сауда саясатын дамытуға арналған Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шaққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мен мемлекет тарапынан шекті баға қою жайын баяндап берді. Министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігі, монополияға қарсы орган, әкімдіктер, Азық-түлік корпорациясы және тұрақтандыру қорларымен бірлесіп кешенді сипатта жүргізіп жатқанын айтты.