Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Президент Қазақстанда мүлде кереғар жағдай қалыптасқанын айтты. Осы тұста миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшыратынын айтқан Мемлекет басшысы елдегі су мәселесін қозғады.