Алаш қайраткерінің кесенесі кіндік қаны тамған Қызбел өңіріндегі Бидайық ауылында тұр. Кесене 1995 жылы Міржақып Дулатұлының 110 жылдығына орай, сол кезде Жангелдин ауданын басқарған Жақан Қосабаев, жергілікті серіктестіктің жетекшісі Батырбек Ахметов сынды азаматтардың күшімен тұрғызылған. Жанында шағын музей бар. Жергілікті жұрттың айтуынша, сол жылы Бидайықта ұлан-асыр той болып, оған Гүлнар апай Міржақыпқызы да келіп қатысыпты.