Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында болды. Бұл туралы қоғам қайраткері Дина Таңсәрі айтып берген. Vesti_pavlodar Instagram-парақшасында хабарланғандай, ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан. Ер адам басқа әйелмен жеке өмірін құра бастаған. Ол алимент төлемеген, үш баласымен араласпаған. Алайда екі жылдан кейін бұрынғы отбасына қайта оралып келген.