Қаз КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінде аға су инженерінен министр лауазымына дейінгі қызмет баспалдақтарын адал еңбегімен жүріп өткен Нариман Қыпшақбайұлының өмір жолы су саласын дамытумен тығыз байланысты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы қызметін атқарған айтулы тұлға – қазір Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры. Жақында Президент Жарлығымен Нариман Қыпшақбайұлы «Отан» орденімен марапатталды. Су шаруашылығы ардагерімен саланың ахуалы туралы айтып берді.