Наурыз – жаңарудың, жақындармен қауышудың, кең дастарқан мен дарқан көңілдің мерекесі. Бұл – ұзақ жол жүріп үйге оралатын, төрге жайылған дастарқан дәмге толатын, емен-жарқын сезім толқыны әдеттегіден айрықша, мол сезілетін ерекше кезең. Yandex Qazaqstan «Наурыз дәәәәәу болсын» атты мерекелік науқанында дәл осы көңіл-күйді жеткізуді мақсат етті.