Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әр үйде қазан оттан түспей, наурыз көже дайындалады. Қазақ халқы ежелден бері ырымшыл екені белгілі, жеті санын қасиетті деп білген. Аталмыш ұлттық тағам да жеті түрлі дәмнен жасалады. Ұлттық мейрам қарсаңында оқырман назарына дәстүрлі наурыз көженің бірнеше дайындау жолын ұсынуды жөн көрдік.