Ақмола облысынан Германияға көшіп барған неміс отбасы әлеуметтік желі арқылы жерлестерін Наурыз мейрамымен құттықтады. Зеренді ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жарияланды. Онда Қызылсая елінің тумалары Боки Павел және Ирма ханым Германия мемлекетінен жалынды сәлем жолдады.