Жангелдин ауданының Ақкөл ауылындағы мектепте өткен жаңа жыл кеші 15 жастағы оқушының өлімімен аяқталды. Мерекелік кеште ауылға демалысқа келген колледж студенті мен 9-сынып оқушысының арасында туған кикілжің сырттағы төбелеске ұласқан. Оның арты белгілі – шалғай түпкірде жатқан аядай ғана ауылда бір әулет қара жамылып қалды.