Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастыруда. Екінші айыпталушы – Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов сотқа қатысушылардың сұрақтарына жауап беруде. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Байжановтан бұған дейін берген куәлігінде неліктен «қазіргідей Бишімбаев туралы жаман айтпағанын» түсіндіріп беруін сұрады.