7 сәуірде Елордадағы «Астана» триатлон саябағында қала тұрғындары арасында «Олимпиадаға 100 күн» атты бұқаралық жүгіру шарасы өтеді. Айтулы шараға 5 шақырым қашықтықты бағындыра алатын барлық қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Жас шектеуі жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша айтулы бұқаралық жүгіру шарасы олимпиадалық қозғалысты насихаттау әрі олимпиадашаларымыз бен лицензия алуға үміткерлерімізді қолдау мақсатында өтпек.