«Анашым, мен өскен соң сізге киім тігетін машина алып беремін», дейді жеті жасар Қазына байсалды түрде. «Мен көйлек тігіп беремін, әдемі, қызыл оюы бар. Сіз сондай көйлекті жақсы көресіз ғой», дейді Әппағы еркелей анасының мойнына асылып. «Ал мен әкеме кө-ө-ө-п ақша беремін, ол үлкен үй салып береді», дейді салмақты кейіпте Нұргүлі. Қыздарының армандай айтқан сөздеріне көңілі босаған ана іштей «әумин» деп, орамалының бір ұшын көзіне апарды.