Орал қаласының полицейлері 1955 жылғы азаматтың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде заңсыз сақталған балық пен уылдырықты тәркіледі. Тәркіленгендер сақтау қоймаларына тапсырылды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.