Алматы қалалық №36 емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Мөлдір Әлімбаева Рамазан айында ауыз бекіткен адамдардың спортпен қалай дұрыс айналысу керек екенін айтып берді. Дәрігердің сөзінше, ораза кезінде бірқалыпты физикалық белсенділік денсаулыққа оң әсер етеді. Дегенмен, әр адам әр түрлі екенін есте ұстаған жөн, сол себепті ораза кезінде жаттығуды бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп алған артық етпейді.