Өскемендік ақын Аян Қалымбек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен домбыраны тегін үйретіп жүр. О.Бөкей атындағы қалалық кітапхананың «Кел сөйлесейік» клубына келушілер оның сабағын асыға күтеді. Үнемі үстінен ұлттық киімді, қолынан ұлттық аспапты тастамайтын Аян сұхбат берді.