Алматыда автомобиль нарығына қатысушылар форумында ендігі жағдайдың мүлдем басқа сипатпен дамитыны белгілі болды. «Astana Motors» басшысы Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, жаңа ойыншылардың пайда болуына байланысты нарықтың «дене қызуы» көтеріліп кетті. Тіпті мұны технологиялық соғыс жағдайындағы текетірес деп бағалауға болады.