«Oyan, Qazaqstan» белсендісі Жанел Шаханға өздерін "әкімшіліктенбіз" деп таныстырған екі азамат ай сайынғы 150 мың теңге төлемге қозғалыстың ішкі жұмысы туралы ақпарат беруді ұсынды. Хабарласқандар барлық ақпаратты Алматы әкімдігіне жіберетінін айтты. Серіктестік барлығына пайдалы болатындығын алға тартып, сендіргісі келген екен.