«Оюлар сөйлейді» атты фестиваль өтті. Өскемен қаласында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Оюлар сөйлейді» атты фестиваль-жәрмеңке өтті. О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада ұйымдастырылған «Оюлар сөйлейді» фестиваль-жәрмеңкесінде қолөнер шеберлері көрмесі, ұлттық шапандар дефилесі көрсетілді. Сондай-ақ ұлттық ыдыс-аяқтар және «Сырмақтар сыры» көрмелері қойылды.