Сәтбаев соты қаланың экс-әкімі Шапағат Әубәкірге қатысты қылмыстық істі қарады. Тергеу органы бұрынғы шенеунікті аса ірі мөлшерде пара алды деп айыптаған. Тергеу нәтижесінде 2024 жылдың ақпан айында Шапағат Әубәкір қала әкімі бола тұра Сәтбаев қаласындағы жолдарды күтіп ұстау жұмысын жүргізетін жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оны кеңейтуге жәрдемі үшін 10 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.