Жалаулыда сәуір айының басында 14 жер үй су астында қалған болатын. Мамандар мен құтқарушылар 200 мың текше метр су сыятын қазаңшұңқырлар қазып, су басу мәселесін кешенді түрде шешті. ТЖД және жергілікті билік органдарының күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері 190 мың текше метрден астам еріген су сорылған. Жалаулыдағы қауіптің біржола жойылғанына көзі жеткен Ақтоғай аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия 2 сәуірде жарияланған төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешім қабылдады.