Петропавлда бөгеттерді нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыста волонтерлердің жұмысы да өлшеусіз. Бүгін көмекке Аққайың ауданынан 60 волонтер көмекке келді. Солтүстік Қазақстан облысында қазір Есіл өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде жағдай күрделі. Қалған аудандарда қарғын судан келген қауіп сейілді. Мәселен Аққайың ауданында жағдай тұрақталды, ауылдар су кіруден аман қалды. Сондықтан мұндағы ағайын Петропавлды тасқын судан құтқаруға көмектесу үшін қалаға келді. ғы қиын жағдайға бей-жәй қарамаған ауданның белсенді тұрғындары бүгін қалаға көмекке келді.